20:18, 07 Қыркүйек 2016 | GMT +6
«Оңтүстік - достық мекені» кездесулер керуені жолға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Елбасының "100 нақты қадам» - Ұлт жоспары аясында қазақстандық біртектілікті, қоғамдық келісім мен бірлікті жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында құрылған "Оңтүстік - достық мекені!" кездесулер керуені жолға шықты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен жолға шыққан жұмыс тобының алғашқы кездесулері Сарыағаш ауданында өтеді.
Ақпараттық-насихаттық топ 21 қыркүйекке дейін облысымыздың барлық аудан, қалаларында 60-тан астам кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.