Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А. Мырзахметов халық алдында жылдық есеп берді

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақ басшылары өткен Ұлу жылында атқарған шараларды қорытындылауды жүзеге асырып жатқаны белгілі.
None
None

Осыған орай бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов халық алдында жылдық қорытынды есебін жасады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін облыс басшылығының қатысуымен барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп берген болатын. Ал облыс басшысы А.Мырзахметовтың жылдық қорытынды есебіне 2 мыңға жуық тұрғындар қатысты.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, жалпы соңғы төрт жыл ішінде өңірдегі 900-ге жуық елді мекенде әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, құрылыс қарқыны артқан. «Мәселен, былтырғы жылы республика бойынша іске қосылған 114 мектептің үштен бірі (42 мектеп), пайдалануға берілген. 84 денсаулық сақтау нысандарының 51-і немесе 61 пайызы - Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде. «Балапан» бағдарламасы бойынша үш жылда облыста 884 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылып, қамтылған балалар саны 24 мыңнан 107 мыңға жеткізілген. Бұл халқы көп, туу көрсеткіші жоғары аймақта маңызды әлеуметтік нысандардың мәселесі шешімін тапқанын көрсетеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, республика бойынша таза ауызсу тапшылығының азабын тартып отырған ауылдар аз емес. Дегенмен, оңтүстік өңірде осы шаруаның да оңтайланғанына оң баға беруге боларлықтай. Мәселен, соңғы төрт жылдың ішінде 217 елді мекен немесе 835 мың халық таза ауызсумен қамтылған. Су есептегіш құралдарын орнату бойынша облыс республикада алдыңғы орынға шықты. Сондай-ақ, табиғи газбен қамтылған елді мекендер саны осы кезеңде 226-ға немесе 25,1 пайызға жетіп отыр. Облыс жұрты көгілдір отынмен қамтамасыз етілгендеріне ризашылықтарын білдіруде.

Соңғы жаңалықтар