Оңтүстік Кореяда зымыран тас-талқан еткен бункерде өртенген адам видеоға түсіп қалған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея 현무, аударғанда «солтүстік аспанның сақтаушысы» деп аталатын зымыранды сынақтан өткізген сәттің видеосын көрсетті.
Кадрдан жоғары дәлдікті баллистикалық зымыранның бункерді тас-талқан еткені, жарқ еткен жалынның арасында өртенген адам тұлғасы көрінеді.
Осы видеоға байланысты Оңтүстік Корея тұрғындары полигон күзетшілерінің бірі әскерилердің құрбанына айналға жоқ па деген алаңдаушылықтарын білдіріп жатыр. Ал, кейбірі бункердегі тұлға баллистикалық зымыранның қуатын көрсету үшін қойылған қуыршақ болуы мүмкін дегенді айтады.