Оңтүстік Кавказда қандай халықаралық көлік дәліздері салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кавказ аймағы барған сайын Орталық Азия мен Қытайды Еуропамен байланыстыратын маңызды логистикалық түйінге айналып келеді. Автокөлік жолдары, теміржол желілері және теңіз бағыттары негізгі рөл атқарады, ал Қазақстан осы жүйеде маңызды орын алады. Негізгі жобалар, қаржыландыру және тәуекелдер жайында Kazinform шолуынан оқыңыздар.

Оңтүстік Кавказда қандай халықаралық көлік дәліздері салынып жатыр
Коллаж: Kazinform/ Canva

Көлік желісін қандай дәліздер құрайды?

• Орта (Транскаспийский) дәлізі — Қытайдан Қазақстан жері арқылы Каспий теңізі, Әзербайжан және Грузия арқылы Еуропаға өтетін бағыт. Ол теміржол және автокөлік жолдарын теңіз тасымалымен біріктіріп, Баку, Поти және Батуми порттарына апаратын жолдарды жаңартуды ынталандырады.

• «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі — Ресейді, Әзербайжанды және Иранды байланыстырады. Бұл бағыт Еуропа мен Таяу Шығыстың арасындағы жүк тасымалын жылдамдатады және трансқұрлықтық бағыттардың бірі саналады.

• TRIPP (немесе Зангезур дәлізі) — оңтүстік Армения арқылы өтетін жер үсті жолы құрлықтық Әзербайжан мен Нахчыванды байланыстырады. Бұл - Оңтүстік Кавказдың көлік мүмкіндіктерін кеңейте алатын стратегиялық маңызды балама.

• TRACECA (Еуропа — Кавказ — Азия) — автокөлік, теміржол және теңіз бағыттарын біріктіретін желі. Ол өңір елдерін Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.

• Asian Highway (AH) — 32 елді және 140 000 шақырымнан астам жолды қамтитын халықаралық жол желісі. Оның құрамында Оңтүстік Кавказдағы магистральдар бар. Бұл жолдардың стандартталған сапасын және үздіксіз қатынасты қамтамасыз етеді.

Салынып жатқан автомобиль жобалары

Грузия

Грузия-Ресей шекарасына апаратын Квешети-Коби автожолы жобасы (Е117) Грузияның көлік инфрақұрылымы үшін стратегиялық маңызға ие. Жолдың ұзындығы 23 шақырым, онда тау жыныстары арқылы өтетін 5 жераст жолы мен 6 көпір салу қарастырылған. Жобаның жалпы бюджеті - 1,24 миллиард лари (459 млн доллар), оның 909 миллион лари (336 млн доллар) Азия даму банкі мен ЕҚДБ арқылы қаржыландырылады. Жұмыс апасына бақылауды UBM International компаниясы жүзеге асырады.

Сарапшылар бұл жобаның ең алдымен Грузия-Ресей шекарасына қауіпсіз әрі ыңғайлы жол жасау арқылы логистика мен туризмнің жаңа мүмкіндіктерін ашатындықтан маңызды деп санайды. Сонымен қатар, Батуми мен Сарпи бағытында тау жыныстары арқылы өтетін 7,6 шақырымды жер асты жолын қоса алғанда 11,3 шақырымдық «Шығыс-Батыс» жолының құрылыс жұмыстары да жалғасып жатыр. Бұл жобаны қаржыландыру үшін Азия даму банкінен 360 млн доллар кредит алынған.

теміржол желісі
Фото: internationalinvestment.biz

Сонымен қатар Грузияда Тбилиси-Махинджаури теміржол желісін жаңарту жобасы жүріп жатыр Бұл Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие жоба саналады. Аталған бағыт Грузияның порттарына, оның ішінде Батуми мен өзге де Қара теңіздегі порттарға тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етіп, Қазақстан тауарларының халықаралық нарықтарға үздіксіз тасымалдануына мүмкіндік береді.

Е60 автомобиль дәлізін жаңғырту аяқталуға жақын. Мұнан бөлек, ұзындығы 51 шақырым болатын Тбилисиді айнама жол жобасы іске асырылып жатыр. Рустави учаскесі-Әзербайжан шекарасы бағытын да дамытуға дайындық қолға алынған. Сонымен қатар Баку-Тбилиси-Крас теміржолының өткізу мүмкіндігі жылына 5 млн тоннаға дейін кеңейтіліп жатыр. Бұл Кавказ. Түркия және Орталық Азия арасындағы тиімді қатынасты қамтамасыз етеді.

Әзербайжан

Әзербайжанда Горадиз-Агбанд учаскесіндегі ірі инфрақұрылымдық жоба салынып жатыр. Бұл жоба Зангезур дәлізінің (TRIPP) бір бөлігі саналады. Темір жол желісінің, сондай-ақ ұзындығы 124 шақырым болатын автомобиль жолының дайындығы шамамен 95 пайыз. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2026 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. 4 Жол 4 және 6 жолақты, 1 В санатында салынып жатыр. Онда жалпы ұзындығы 12 шақырым болатғын 3 жерасты жолы, 28 көпір және инженерлік құрылыстар бар.

Нахчыванда ұзындығы 188 шақырымдық теміржол желісін жаңғырту басталды. Жобаны 2028 жылы аяқтау жоспарланған. Карабах пен Шығыс Зангезур аймақтарында жаңа 12 жол жобасын салу көзделіп отыр. Бұл жобалар жалпы 2 300 шақырым жолды қамтиды. Қазірдің өзінде жалпы ұзындығы 66 шақырым болатын 39 жерасты жолы салынды. Бұл көлік бағытының сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыра түседі.

Фото: "Әзербайжан темір жолдары" ЖАҚ

Әзербайжанда М2 автомагистралінің (Баку-Газах-Грузия шекарасы, E60) құрылысы жалғасып жатар. Сонымен қатар, Карабах пен Шығыс Зангезурде жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар көлік тәуекелдерін төмендетіп, Оңтүстік Кавказ арқылы Шығыс-Батыс және Солтүстік-Оңтүстік бағыттарында жүктердің қозғалысын оңтайландырады. Бұл Еуропадан Орталық Азияға, оның ішінде Қазақстанға жүк тасымалын тиімдірек етеді.

Әзербайжан мен Қазақстан арасында тек құрлықтық жолдар ғана емес, сонымен қатар Каспий теңізі арқылы тұрақты теңіз байланыстары да жұмыс істейді. Әзербайжанның Алят, Гофсан және жаңадан салынатын Зиря порттары, сондай-ақ Қазақстанның Құрық пен Ақтау порттары екі ел арасындағы логистикалық тізбектердің үздіксіздігін қамтамасыз етіп, екі елдің көлік байланысын нығайтады.

Осылайша, Әзербайжан жоғары өткізу қабілеттілігін қамтамасыз ететін автомобиль және теміржол магистральдарын сала отырып, Еуропа, Түркия, Иран, Орталық Азия және Каспий аймағы арасындағы транзиттік ағындардың бөгетсіз қозғалуын қамтамасыз етеді.

Армения

Арменияда «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық жобасы аясында Иран мен Грузия шекараларын байланыстыратын жаңа жол салынып жатыр. Басым бағыттардың бірі – ұзындығы 32 шақырым болатын Каджаран-Агарак учаскесі. Онда екі жер асты жолы мен 17 көпір, жаңа жол инфрақұрылымдары салынып жатыр. 2025 жылы үкімет бұл жобаны жеделдету үшін қосымша 8,4 миллиард драм (шамамен 22 млн доллар) бөлген.

Арменияның вице-премьері Тигран Хачатрянның мәлімдемесіне сәйкес, 2025 жылдың соңына дейін жоба бойынша жұмыстардың шамамен 30 пайызын орындау жоспарланып отыр. Бұл кезеңде қаржылық ресурстардың бір бөлігі игеріледі.

жол
Фото: Armenpress

Арменияның оңтүстігіндегі Сисиан-Каджаран жолының маңызды бөлігі 60 шақырымдық учаскені қамтиды. Бұл жоба аясында 8,6 шақырымдық жерасты жолын, көпірлер мен өзге де құрылыстар салу көзделген. Жол құрылысы аяқталғаннан кейін бұл елді мекнедер арасындағы жолды қысқартып, қозғалыс жылдамдығын сағатына 100 шақырымға дейін жеткізеді, қауіпсіздікті де арттырады.

Негізгі тәуекелдер мен қиындықтар

Дегенмен Оңтүстік Кавказдағы халықаралық көлік жобаларын іске асыру бірқатар қиындыққа тап болып отыр:

• Саяси екіұштылық. Бағыттар тарихи тұрғыда күрделі аймақтардан өтеді, транзит тұрақтылығы екіжақты келісімдер мен өңірлік дипломатияға байланысты.

• Инженерлік және климаттық тәуекелдер. Грузия мен Армениядағы тау аймақтарында жерасты мен бекітілген құрылыстар салу қажеттілігі туындайды.

• Каспийдегі инфрақұрылымдық «тар орындар». Порттар мен паром терминалдарына синхронды инвестициялардың жетіспеушілігі Орта дәліздің өткізу қабілетін шектейді.

• Қаржыландыру және коммерциялық тұрақтылық. Үлкен жобалар айтарлықтай инвестицияларды талап етеді. Ал жаһандық баға құбылмалылығы мен сауда ағымдарының өзгеруі өзін өзі ақтау тәуекелдерін арттырады.

• Стандарттар мен процедураларды үйлестіру. Елдер арасындағы кедендік және техникалық үйлесімсіздік транзитті баяулатады, шекараларды цифрландыру және процедураларды біріздендіру басымдық болып қала береді.

Болған қиындықтарға қарамастан Оңтүстік Кавказ аймағында көлік дәліздерінің дамуы белсенді түрде жалғасып отыр. Оңтүстік Кавказ елдері үйлестіру жұмыстарын күшейтіп, инфрақұрылымды жаңартып жатыр. Халықаралық инвестицияларды тарта отырып, көлік ағындарындағы тар учаскелерді біртіндеп жойып жатыр. Бұл өз кезегінде жобалардың қауіпсіздігін арттырды. Нәтижесінде аймақ тұрақты транзит желісін қалыптастырып келеді. Ал Қазақстанның Еуразиялық логистикадағы рөлі одан әрі күшейе түскен.

Қазақстанның рөлі

Қазақстанның қатысуымен Грузия, Әзербайжан және Армениядағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы логистика мен өңірлік экономикалық ықпалдастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл ретте осы бастамалардың тиімділігі тек инвестициялар көлеміне ғана емес, сонымен қатар саяси тұрақтылыққа, техникалық жетілуге және елдер арасындағы келісілген үйлестіруге байланысты.

Қазақстанда «Еуропа — Батыс Қытай» (Е40) және «Солтүстік — Оңтүстік» (Е121) дәліздері арасындағы байланысты қалыптастыру жалғасып жатыр. Актау-Атырау бағыты мен Атырау-Астрахань учаскесін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар автожол қатынастарын Қазақстанның Құрық және Ақтау порттарын Түрікменбашы портымен біріктіруге мүмкіндік береді. Жобаның аяқталуы 2026–2027 жылдарға жоспарланған.

НК «Қазақстан темір жолы»
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК

Теміржол саласында Мойынты-Қызылжар және Бейнеу бағыттарын дамытуды қоса алғанда негізгі учаскелерді жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл Шығыс-Батыс бағыттарының өткізу қабілеті мен тиімділігін біртіндеп арттыруға мүмкіндік береді.

Аталған көлік желісі бойынша негізгі жобалар 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегия аясында жүзеге асырылып жатыр. Бұл Қазақстанға Оңтүстік Кавказ аймақтарымен және негізгі халықаралық көлік дәліздерімен тұрақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін әлемдік БАҚ Қазақстанның Оңтүстік Азияға теміржол жобаларына назар аударғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар