Оңтүстік Қазақстан университетіне ерекше мәртебе берілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне айрықша мәртебе беру мәселесін қарап жатыр.

Южно-Казахстанский университет имени Ауэзова
Фото: uza.uz

— Университетке ерекше мәртебе беру мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Үкімет қаулысы жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұл жоба мүдделі мемлекеттік органдармен мақұлданып жатыр, — деп жауап берді Премьер-министрдің орынбасары Е. Көшербаев депутат сауалына.

Сонымен бірге, жауапта университетке ерекше мәртебе беру 2025-2027 жылдарға республикалық бюджеттен қосымша шығындарды қажет ететіні айтылған. Сондықтан бұл мәселе республикалық бюджет мүмкіндіктерін ескере отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын болады.

Айта кетейік, «Ашық НҚА» порталында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тұңғыш Президент — Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын өзгертуге арналған қаулы жобасы талқыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар