Оңтүстік Қытай теңізінде АҚШ-тың әскери тікұшағы мен жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік-Қытай теңізінде жоспарлы операция жүргізіп жатқан Әскери-теңіз күштерінің тікұшағы мен жойғыш ұшағы құлады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі ABC News арнасына сілтеме жасап.
АҚШ Әскери-теңіз күштерінің MH-60R Sea Hawk тікұшағы жергілікті уақыт бойынша шамамен 14:45-те апатқа ұшырады. Барлық үш экипаж мүшесі аман-есен құтқарылды.
Жексенбі күні сағат 15:15-те F/A-18 °F Super Hornet ұшағы да жоспарлы рейс кезінде Оңтүстік Қытай теңізіне құлады. Экипаждың екі мүшесіне де көмек көрсетілді.
– Америкалық әскери қызметкерлердің жағдайы тұрақты. Екі оқиғаның да себебі қазір зерттеліп жатыр, - делінген АҚШ Тынық мұхит флоты мәлімдемесінде.
Еске салсақ, бұған дейін америкалық бомбалаушы ұшақтар Венесуэлаға мүмкіндігін көрсететінін жазған едік.