Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония үшжақты әскери жаттығуды бастады

АСТАНА.KAZINFORM - Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония үшжақты оқу-жаттығуларын бастады. Бұл олардың Солтүстік Кореядан келетін әскери қауіптерге қарсы тұру үшін қауіпсіздік саласындағы үшжақты ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі әрекетінің жалғасы, деп хабарлайды Yonhap.

Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония үшжақты әскери жаттығуды бастады
Фото: Yonhap

Бес күндік Freedom Edge жаттығулары 15-19 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның Чеджу аралының шығысы мен оңтүстігіндегі халықаралық су айдындарында өтеді.

- «Freedom Edge» Солтүстік Кореядан туындайтын ядролық және зымыран қауіптеріне тосқауыл қою және әрекет ету мүмкіндіктерін күшейту үшін жұмаға дейін жалғасады, - деді Біріккен штаб бастықтарының ресми өкілі Ян Сын Кван кезекті баспасөз мәслихатында.

Бұл оқу-жаттығулар үшжақты оқу-жаттығулардың үшінші раунды, алдыңғы раундтар өткен жылдың маусым және қараша айларында өткен.

Бұл президент Ли Чжэ Мён мен АҚШ президенті Дональд Трамп қызметке кіріскеннен кейін өткізіліп отырған алғашқы жаттығу.

Оқу-жаттығулары зымыранға қарсы қорғаныс қабілетін жақсарту бойынша, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жаттығуларын, медициналық эвакуациялау жаттығуларын және теңізде басып кіруге қарсы операцияларды қамтиды.

Freedom Edge-мен қатар Оңтүстік Корея мен АҚШ та дүйсенбіден жұмаға дейін командалық штабтық әскери жаттығуларды өткізіп жатыр.

Жексенбі күні Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның әпкесі АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери оқу-жаттығуларына сын айтып, бұл қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Соңғы жаңалықтар