Оңтүстік Корея КХДР-мен диалогке ашық

АСТАНА. KAZINFORM - Корея Республикасының басшылығы КХДР-мен диалог арналарын жаппайды, бірақ Пхеньянның арандатушылығын да жауапсыз қалдырмайды. Бұл туралы Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок мәлім етті, деп жазады Yonhap.

 Чхве Сан Мок
Фото: YONHAP

Біз шиеленісті реттеуге белсенді түрде ұмтыламыз, әсіресе шекаралар аймақтарда жағдайға ушықтырмауға күш саламыз. Бұл ретте біз кореяаралық диалогқа ашық болып қала береміз, жағдай өзгерсе бірден әрекет етеміз, - деді Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Чхве Сан Мок ұлтты қауіпсіздік саласының басты өкілдерімен кездесу барысында.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың мықты қорғанысы мен альянсына арқа сүйей отырып, ҚХДР тарапынан жасалатын арандатуларға нақты жауап беру керектігін атап өтті.

14 қаңтарда Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Пхеньянның қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшыруын айыптады.

Осыған дейін Солтүстік Кореяның бірнеше баллистикалық зымыран ұшырғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар