Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекарасындағы дауыс зорайтқыштарды бөлшектеуге кірісті

АСТАНА. KAZINFORM – Дүйсенбі күні Оңтүстік Корея әскерилері екі ел арасындағы шиеленісті азайту мақсатында Солтүстік Кореямен шекарада орнатылған үгіт-насихат дыбыс зорайтқыштарын бөлшектеуге кірісті, деп хабарлайды Kazinform Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Корея Солтүстік Кореямен шекарасындағы дауыс зорайтқыштарды бөлшектеуге кірісті
Фото: Yonhap News Agency

Бұл қадам президент Ли Джэ Мён 11 маусымда солтүстікпен шиеленіскен қарым-қатынастарды қалпына келтіру шаралары аясында дауыс зорайтқыш арқылы хабар таратуды тоқтатуға бұйрық бергеннен кейін екі айдан аз уақыт өткен соң жасалды. 

– Бұл армияның жауынгерлік әзірлігіне әсер етпей, корейаралық шиеленісті азайтуға көмектесетін практикалық шара, - делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Оңтүстік Корея Үкіметі Жапонияның ақ қорғаныс кітабында Токто аралдарына өзінің аумақтық талаптарын қайта жариялауына наразылық білдіргенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар