Оңтүстік Кореядағы тәжірибеден өтуші дәрігерлердің ереуілі төрт аптаға созылды

Жанубий Кореяда етти минг стажёр шифокорнинг лицензиялари тўхтатилади
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Оңтүстік Кореядағы 13 мың тәжірибеден өтуші дәрігердің 90%-дан астамы үкіметтің медициналық оқу орындарына қабылдауды ұлғайту туралы шешіміне наразылық білдіріп, төрт аптаға жуық жұмыстан кетті, деп хабарлайды Yonhap.

Үкімет ереуілді тоқтатуға оң шешім қабылдамаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін. Өйткені медицина университетінің профессорлары да жаппай отставкаға кетеміз деп отыр.

Денсаулық сақтау министрі Чо Гю Хон жұма күні профессорларды ереуілге қолдау көрсету үшін жұмыстарын тастамауға шақырды, өйткені олардың жұмысын тоқтатуы — ірі ауруханалар жұмысына кедергі келтіреді.

Осы аптада 19 медициналық оқу орнының профессорлары комитет құрып, жұмаға дейін жұмыстан босату туралы ұжымдық өтініш беруді жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Чжун Бен Ван наразылық білдірген интерн дәрігерлер басқа жұмыс іздей алмайтынын айтты, өйткені Үкіметтің жұмысқа қайта оралу туралы бұйрығы әлі де күшінде, кейбір жұмыс орындарын тастап, басқа жұмыс тапқан дәрігерлер жазаға тартылатынын ескертті.

— Біз ірі медициналық мекемелерде ауыр науқастарды уақтылы емдеуді қамтамасыз етеміз, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Үкімет дәрігерлердің, әсіресе ауылдық жерлерде және қауіпті хирургия, педиатрия, акушерлік және жедел медициналық көмек сияқты маңызды медициналық салалардағы дәрігерлердің жетіспеушілігіне байланысты медицина мамандарының санын арттыруды көздейді.

Дәрігерлер бұл медициналық білімнің сапасына нұқсан келтіретінін алға тартады. Сондай-ақ, пациенттер үшін медициналық шығындардың жоғарылауына әкеледі.

Соңғы жаңалықтар