Оңтүстіктегі жер сілкінісі: жедел штаб құрылды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ТЖМ командалық орталығы, Жамбыл, Түркістан облыстарының және Шымкент қ. ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Сейсмикалық ахуалды бақылау жөніндегі жедел штаб 24/7 тәртібінде жұмыс істеп жатыр
Фото: ҚР ТЖМ

Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:

ҚР ТЖМ командалық орталығы — 87172-704118

Түркістан облысы ТЖД — 872533-57886

Жамбыл облысы ТЖД — 87262-513575 

Шымкент қаласы ТЖД — 87252-95-57-06.

Айта кетейік, Қазақстанның оңтүстік аймағында жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулері 6 қазан күні Астана уақытымен сағат 01:29-да тіркелген.

Эпицентр Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 465 км қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан.

Эпицентрдің координаттары: 42.270º с.ш., 71.378º ш.б. Тереңдігі 10 км.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.3. Магнитудасы MPV 5.9.

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстанның 5 өңірінде сезілген.

Соңғы жаңалықтар