OpenAI ChatGPT-дің тегін нұсқасында жарнаманы іске қосады

АСТАНА. KAZINFORM — OpenAI ChatGPT-де жарнамалық тестілеудің басталғаны туралы хабарлады. Жарнамалар тегін пайдаланушылар мен Go нұсқасы жазылушыларына көрсетіле бастайды. Plus, Pro, Business және Enterprise нұсқасының пайдаланушыларына жарнама шықпайды, деп хабарлайды OpenAI.

OpenAI ChatGPT-дің тегін нұсқасында жарнаманы іске қосады
Фото: OpenAI

Компанияның мәліметінше, жарнамалық монетизация жазылым үшін ақы төлегісі келмейтіндерге кейбір шектеулерді алып тастауға көмектеседі. Сонымен қатар, компания қызмет жұмыс істейтін барлық елдерде ChatGPT Go тарифін қолжетімді етеді. Падаланушылар айына 8 долларға хабар алмасу, кескін жасау, файлдарды басқару және чатбот жады бойынша кеңейтілген қызметтерді алады.

Тестілеу АҚШ-та басталып, содан кейін басқа елдерге таралады. Жарнаманы тек кәмелетке толған авторизациядан өткен пайдаланушылар көреді. Хабарландырулар ChatGPT жауаптарының төменгі жағында пайда болады және сұрау тақырыбына сәйкес келеді. Олар негізгі мәтіннен бөлініп, визуалды түрде анық ерекшеленеді. 

OpenAI жарнаманың нейрондық жауаптардың сапасына әсер етпеуін қамтамасыз етеді. Хат-хабарлар құпия болып қалады — жарнама берушілер оларға қол жеткізе алмайды. Параметрлерде жекелендіруді басқаруға, жеке жарнамаларды жасыруға немесе ақылы тарифке өту арқылы жарнамаларды толығымен өшіруге болады. 

Тестілеу кезінде жүйе жарнаманы кәмелетке толмағандарға жарнаманы көрсетпейді. Сондай-ақ денсаулық, психикалық жағдай және саясат аясындағы тақырыпқа сәйкес жарнама болмайды.

Болашақта OpenAI жарнамаланған өнімдер туралы тікелей диалогта сұрақтар қоюға мүмкіндік беретін интерактивті форматтарды қоса алады. Алайда, компанияның негізгі назары ақылы жазылымдарда қалады, ал жарнама тек қосымша табыс көзі болмақ.

Осы аптада OpenAI компаниясы ChatGPT негізінде автономды веб-аударма құралын іске қосты.

Соңғы жаңалықтар