19:32, 17 Сәуір 2024 | GMT +5
Орал қаласының орталығынан ер адамның мүрдесі табылды
ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласы орталығында ер адамның мүрдесі табылды.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 15 сәуір күні кешкісін болған.
«Шамамен сағат 19.20-да Ақотау көшесі 20-үйдің маңында, 8 және 25-орта мектептердің арасында ер адамның денесі табылған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.
Ер адамның өліміне байланысты басы жоқ екен деген сөз тараған. БҚО полиция департаменті оның басы орнында екенін жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жасөспірімнің асулы күйінде табылғанын жазған болатынбыз.