Орал қаласының бірқатар бөлігі жарықсыз қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қолайсыз ауа райына байланысты Орал қаласының бірқатар бөлігі электр жарығынсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, жекелеген аумақта электр жарығы қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда Деркөл ауылында ішінара жарық жоқ. Абоненттер саны – 75.

Тубдиспансер маңында (25 абонент) да жарық сөнген. Екі ауданда электр желісін 28 желтоқсан күні түске дейін жөндеу көзделуде.

«Жұлдыз» шағынауданында (100 абонент), сондай-ақ Зачаган кентінде 152-атқыштар дивизиясы көшесінде (25 абонент) жарықты бригада көп ұзамай қалпына келтірмекші.

Оқиға орындарында 2 бригада (7 адам, 2 техника) жұмыс жасауда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты жол жабылғанын, тағы бір жолда көлік қозғалысы шектелгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар