Орал – Тасқала - РФ шекарасы трассасы әлі жабық тұр

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жол әлі жабық тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін сағат 10.30-дағы мәлімет бойынша Орал-Тасқала-РФ шекарасы (72-104 км, Тасқала ауылынан РФ шекарасына дейін) жолы ашылған жоқ.

Аталмыш жол боранға байланысты 10 наурыз күні сағат 22.50-де жабылған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал мен Ресей шекарасын жалғайтын автожолда ұзын-сонар кептеліс пайда болғанын жазған едік.

БҚО ТЖ департаментінің мәліметіне қарағанда, Орал-Тасқала-РФ шекарасы жолының 103 және 104-шақырымында тұрып қалған 15 жүк көлігі аршылған жерге шығарылды. Кейін жүк көліктері сапарларын жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар