Оралда балалар мен анасының газдан қалай уланғаны белгілі болды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласының Зачаган кентінде орналасқан жеке тұрғын үйде адамдардың табиғи газбен улану дерегі тіркелді.

 Құтқарушылар аяғын газ баллонының тұтқасынан шығара алмаған балаға көмекке келді
Фото: ТЖМ

БҚО әкімдігінен мәлім еткеніндей, 18 желтоқсан күні бір отбасының 6 мүшесі: 1 ересек адам және 5 бала улану белгілерімен медициналық ұйымға жеткізілді.
Зардап шеккендер жалдамалы тұрғын үйде тұрған.
Оқиға туралы хабар түскен бойда төтенше жағдайлар қызметі, жедел жәрдем, «QazaqGazAimaq» АҚ және жергілікті атқарушы орган өкілдері тарапынан қажетті шаралар қабылданды.

Улану тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан болған. Газ көзі залалсыздандырылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз  етілді.

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, табиғи газбен улану орташа дәрежеде тіркелген. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты, медициналық бақылауда. Анасына қажетті ем жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала деректер бойынша тұрғын үйде газ жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша тиісті келісімшарттың болмауы анықталған. Аталған дерекке қатысты қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады, - деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын газдан уланған ана мен 5 баланың ауруханаға жатқызылғанын жазғант болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар