Оралда дзюдодан Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық жарыс өтіп жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласындағы «Жайық арена» спорт кешенінде дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында самбодан әлем чемпионы, әлем кубогының иегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған республикалық турнирде үздіктер анықталып жатыр.

Додаға еліміздің 15 өңірі мен Ресейден барлығы 300-ге жуық татами шебері қатысуда.
Алғашқы жарыс күні мына спортшылар жүлдеге ілікті.
Әйелдер:
-48 кг
1. Аяна Дүйсенбай (Атырау облысы),
2. Жібек Жақсыбай (Атырау облысы),
3. Жанерке Асқарова (Қызылорда облысы),
3. Тоғжан Дәулеткелді (Жетісу облысы).
-52 кг
1. Толғанай Әбеуова (Ақмола облысы),
2. Фатима Сұпығалиева (БҚО),
3. Айшабибі Мұрадимова (БҚО),
3. Балнұр Әбдешева (Абай облысы).
-57 кг
1.Айару Тілеубаева (Қостанай облысы),
2.Шұғыла Аятқызы (Шымкент),
3.Ұлдана Усейн (Шымкент),
3.Рамина Акчурина (Ақтөбе облысы).
-63 кг
1. Зарина Сарипова (Абай облысы),
2. Дана Әбдірова (Атырау облысы),
3. Аружан Сәтова (Астана),
3. Нұрбибі Ұлықбекова (Қызылорда облысы).
Ерлер:
-60 кг
1. Нұрхан Зейнолла (БҚО),
2. Дильшот Миртурсун (Шымкент),
3. Армат Қабдолов (БҚО),
3. Асылхан Зинуллин (БҚО).
-66 кг
1. Нұрсұлтан Зайзағалиев (БҚО),
2. Шерхан Бақтығалиев (БҚО),
3. Мирас Жонысов (Ақтөбе облысы).
3. Әділбек Берікұлы (Қызылорда облысы).
-73 кг
1.Сенім Сейтқалиев (БҚО),
2.Саят Сейтқалиев (БҚО),
3.Нұрислам Жақсылық (Қызылорда облысы),
3.Мұхамеджан Жұман (Шымкент).
ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашевтың айтуынша, екі күнге созылатын турнир барысында ерлер арасында 7, әйелдерден 7 салмақ дәрежесі бойынша мықтылар белгілі болады.
- Мақсат – елімізде ішкі бәсекелестікті арттыру. Аталмыш жарыс Қазақстан Туризм және спорт министрлігінің келісімімен жеңімпаздарға спорт шебері берілетін турнирлердің қатарына қосылды. Сонымен қатар чемпиондардың арасынан жеребе тарту рәсімімен сәттілік серік болған балуанға автокөлік табыс етіледі, - деді А.Имашев.
Турнир 26 мамыр күні мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақ күресінен Қазақстан чемпионатында түркістандық жас балуандар үздік шыққанын жазған болатынбыз.