Оралда ер адамды өлтіріп, халықаралық іздеуде жүрген қаскөй ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Оралда полиция халықаралық іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Преступление Қылмыс задержания ұсталды МВД РК ҚР ІІМ полиция
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы қылмыстың ашылуын жіті бақылауда ұстап отыр.

Атап айтқанда, 17 қаңтарда Оралда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қылмыстық полиция басқармасымен бірлесіп, «Беркут» арнайы жасағының күштік қолдауымен 33 жастағы азаматты ұстады.

— Ұстау жедел ақпарат негізінде жүзеге асырылды. Анықталғандай, аталған азамат Орал қаласы аумағында жасалған ер адамды өлтіру дерегі бойынша аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 2024 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген министрлік хабарламасында.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр.

Бұдан бұрын Оралда медицина қызметкеріне күш қолданған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар