Оралда кейінгі жылдары жер телімдерін сатудан 1 миллиардтан астам теңге түскен

ОРАЛ. KAZINFORM – Орал қаласында жер телімдері аукцион арқылы сатылып келеді.

Оралда кейінгі жылдары жер телімдерін сатудан 1 миллиардтан астам теңге түскен
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Орал қаласы жер қатынастары бөлімінен алынған мәліметке қарағанда, 2020 жылы жалпы аумағы 8,8 029 гектар 12 жер телімін аукцион арқылы сатудан 76 млн 302,140 мың теңге түсті.

Сондай-ақ 2021 жылы 1,6 659 гектар 19 жер телімі 86 млн 007,388 мың теңгеге, 2022 жылы 20,9 251 га 7 жер телімі 89 млн 585,406 мың теңгеге, 2023 жылы 4,6145 га 28 жер телімі 253 млн 246,134 мың теңгеге, өткен жылы 4,63 га 42 жер телімі 298 млн 268,401 мың теңгеге, биыл жыл басынан бері 2,7 799 га 13 жер телімі 217 млн 517,650 мың теңгеге өткен.

Осы кезеңде барлығы 43,4183 га 121 жер телімі 1 млрд 003 млн 866,425 мың теңгеге сатылған. Аукциондар ашық электрондық форматта (www.gosreestr.kz) өткізіліп, әрбір телім бойынша құжаттама аукцион хаттамасына сәйкес рәсімделген.

– Кезекті аукцион 31 шілде күні сағат 10.00-де e-Qazyna.kz порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен өткізіледі. Аукционға Орал қаласы, Зачаган, Деркул кентінен коммерциялық бағыттағы 7 жер телімі ұсынылады. Аукцион қатысушыларын тіркеу ақпараттық хабар жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін 5 (бес) минут бұрын аяқталады. Аукцион қатысуға өтініштер e-Qazyna.kz порталында қабылданады, - деп хабарлады Орал қаласы әкімдігінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда «Ақжайық» шағынауданы қалай салынып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар