Оралда көпқабатты үйден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін таңертең, Зачаган елді мекенінде, Теміртау көшесінде, 5 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінен өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

- Суық су құбырының ағаш қорабы өртенді. ТЖД қызметкерлері оқиға орнына шұғыл жетіп, 14 адамды, оның ішінде 5 баланы, баспалдақ арқылы эвакуациялады. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сонымен қатар бүгін түнде Астанада Сарыарқа ауданы Земляничная көшесінде саяжайда тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте үйдің аумағында ашық жалын шарпыған. ТЖД күштерімен өрт ошағынан төрт газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік туды. Тұрғын үй аумағындағы гараж және дүкеннің өрті 200 ш.м. аумақта толық сөндірілді.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Сондай-ақ Семей қаласында 1-Лодочная көшесінде жер үйден өрт шықты. Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері үй ішінен бір газ баллонын тапты. Жарылыс қаупі туындап, құтқарушылар газ баллонын дереу өрт аймағынан шығарып, сондай-ақ гараждан жеңіл автокөлікті сыртқа шығарды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.

Осыған дейін Маңғыстауда өрт сөндіру көлігі тұрғын үйге соғылып, екі адам қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар