Оралда құны 21,6 млрд теңге болатын су инфрақұрылымы жобалары іске асып жатыр

ОРАЛ.KAZINFORM — БҚО-да жалпы құны 21,6 млрд теңгеге су құбыры желілері мен Орал жерасты су көздерін реконструкциялау жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Аймаққа іссапармен барған Премьер-министрдің кеңесшісі Ермек Маржықпаев жаңғырту жұмыстарын тексерді.

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Жерасты сулары кен орнының сужинағыш құрылыстарын қайта құру жобасына сәйкес, тәулігіне 35 мың текше метр су алуға мүмкіндік туады. Нысан іске қосылғанда 360 мың абонентті қамтуға қауқарлы, яғни оралдықтар тіршілік нәрінен тапшылық көрмейді деген сөз. Қала халқы үшін маңызды жоба қаржылық жағдайға байланысты кестеден кешігуі мүмкін. Ермек Маржықпаев мәселені уәкілетті органдарға жеткізуге, назарда ұстауға уәде берді.

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Үкімет басшысының кеңесшісі коммуналдық инфрақұрылымдарды жаңарту жұмыстарына да зер салды. Өңірде су, кәріз және жылу жүйесі кезең-кезеңімен жаңартылып келеді. Кейінгі 3 жылда 10,5 млрд теңгеге 4 ірі кәріз-сорғы стансасы толық жаңғыртылып, 320 мың тұрғын сенімді кәріз жүйесімен қамтылды. 

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Ермек Маржықпаевқа қаладағы № 1, № 18А, № 29 кәріз сорғы стансаларының ғимараттарын қайта құру жобаларының барысы таныстырылды. Үш жоба да жылу маусымына дейін толық аяқталмақ. 

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Өңірде электрмен жабдықтау саласында 3 жылда жалпы құны 13 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асырылып, 6 мың шақырымға жуық тозған электр желілері жаңартылды. 2 жаңа қосалқы станса мен өндірістік жөндеу базасы салынды. Бүгінде 138 шақырым электр желілері жаңғыртылып жатыр. Оның аясында «Зачаган-Переметный», «Переметный-Тасқала» және «Чапаев-Қабыршақты» бағыттарында 110 кВ әуе желісі тартылып, елді мекендер сапалы қызметпен қамтамасыз етіледі. Қазір 2 кезең аяқталып, үшінші учаскеде жұмыстар жүріп жатыр.

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

800 тіректің 550-і, сондай-ақ оқшаулағыштар орнатылған. Жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде өңірде электр желілерінің тозу деңгейі 82 пайыздан 75,4 пайызға төмендеді.

Оралда 21,6 млрд теңгелік су инфрақұрылымы жобасы іске асып жатыр
Фото: БҚО әкімдігі

Ермек Маржықпаев атқарылып жатқан кешенді іс-шаралар өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, коммуналдық сектордың сенімділігін жаңа деңгейге көтеретінін айтып, маңызды жобалар Үкімет бақылауында болытынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар