Оралда суға кеткен саяжай аумақтарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM –  Орал қаласында суға кеткен саяжай аумақтарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оралда суға кеткен саяжай аумақтарын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: видеодан кадр/БҚО ТЖД

Орал қаласы әкімдігінен мәлім еткеніндей, кеше басталған дезинфекциялау жұмыстарына шаһардың төтенше жағдайлар басқармасы және Ақтөбе қаласындағы ҚР ТЖМ радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау 20982-әскери бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған.

«Күні бүгін қалаға қарасты Деркөл кенті аумағындағы саяжайлар зарарсыздандырылып жатыр. Кеше 10 мың шаршы метр аумақ дезинфекцияланған. Мамандар мұндай жұмысты суға кеткен саяжайларда кезекпен жүргізетін болады. Сонымен қатар саяжайлар учаскелерінде су сору жұмыстары жалғасып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал қаласында 350-ден астам саяжай үйі тұруға жарамсыз екендігін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар