Оралда үздік сақшылар марапатталды (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында 23 маусым - Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өткізілді.
None
None

Жиынға қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың атап өткеніндей, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес жергілікті полиция қызметінің өкілеттілігі кеңейтіліп, қылмыс атаулыға қарсы шаралардың пәрменділігі артып келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтап, ел тыныштығын күзетуде сақшылар өз міндеттерін абыроймен орындауда.

Салтанатты шарада ҚР ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұхамбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылып, сала үздіктері министрліктің, облыс әкімінің және ішкі істер департаментінің алғысхаттарымен марапатталды.

БҚО ІІД бастығының орынбасары Берік Өтеулиннің айтуынша, облыста ішкі істер органдарында 2300-дей адам қызмет етеді. Салаға Елбасы мен өңір басшылығы тарапынан ұдайы қолдау көрсетіліп, ішкі істер  органдарының материалдық-техникалық базасы жақсара түсуде. Мысалы, өңірде жыл басынан бері жиырмаға жуық полиция бөлімі ашылды. Бүгін Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында полиция бөлімшесі өз есігін айқара ашты. Ауыл тыныштығына жауапты қызметкерлер де көбейді. Барлығының да жоғары талапқа сай қызмет жасауына толық жағдай бар. Қазақстан полициясы күніне орай 11 сақшы Ішкі істер министрлігінің, 28 қызметкер облыс әкімінің, 1191 адам облыстық ішкі істер департаментінің марапаттарын иеленді.

Мереке құрметіне ішкі істер органдарына жаңадан келген 16 жас маман салтанатты түрде ант беріп, шара саптық шерумен қорытындыланды.

null null null null null  

Соңғы жаңалықтар