Оралда жеңгетайлықпен айналысқан үш адам ұсталды

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, «Деркөл» саунасында 19 жасар моншашы, Қазталов ауданының тұрғыны қолға түсті. Ол келушілерге 1988 жылғы әйел мен 1996 жылғы қыздың ақылы интимдік қызметін 2 мың теңгеден ұсынған. Ал «Тамаша» саунасында дәл осындай жеңгетайлығы үшін 32 жасар әкімгер «көзге түсті». «Саяхат» қонақүйінде 26 жасар швейцар 20 жасар қызға жеңгетай болған.
Аталған үш дерек бойынша ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі (жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуды ұйымдастыру және арнайы орын ұстау) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оған қоса ақылы интимдік қызмет көрсететін 11 әйелге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 449-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, қазіргі кезде ішкі істер органдарында 17 жеңгетай және 202 жезөкше есепте тұр.