Оралдағы әскери бөлімге жаңа лек келді

Ішкі әскерлердің «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде олар оқу пунктінде жас жауынгер курсынан өтуде. Осы заманғы казармаларда сарбаздардың спортпен айналысуына, бос уақытын мәнді өткізуіне барлық жағдай жасалған.
Бөлім командирі, подполковник Мамай Құрмантаев жаңа келгендерді әскери бөлім тарихымен таныстырды. Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Серік Әлімбековтің басшылығымен, психолог, аға лейтенант Ақмарал Қожымбетовамен тереңдетілген психологиялық тестілер жүргізілуде. Оқу пунктінің бастығы, подполковник Ескендір Жігітов жаңадан келгендермен кезең-кезеңмен жиындар өткізуде.
Көп ұзамай жас сарбаздар ант қабылдап, әскери қызметтеріне кіріседі.