Оралдың бірқатар ауданы сусыз қалды

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласының бір бөлігінде салқын су беру тоқтатылды.

вода кран су
Фото: Kazinform

«Батыс су арнасы» ЖШС-дан мәлім еткеніндей, Зачаган кентіндегі Шұғыла — М.Мөңкеұлы көшелерінің қиылысында су құбырындағы апатты жою жұмыстары жүргізілуде. 

— Соған байланысты № 39 көтеру сорғы станциясынан су беру тоқтатылады. Атап айтқанда, Қазақ ауылы, М.Мөңкеұлы, Көктем, Сарытау, Құс фабрикасы аудандары сусыз қалды. Су шамамен 18 желтоқсан күні сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін болмайды, — деп хабарлады ведомстводан.

Бұл — Зачаган кентіндегі бірінші жағдай емес. Бұған дейін де құбыр жарылған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қараша айында Оралда тағы да құбыр жарылып, қаланың бір бөлігі сусыз қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар