«Ордабасы» мен «Ақтөбе» матчында жеңімпаз анықталған жоқ

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі 18-турындағы «Ордабасы» мен «Ақтөбе» кездесуінде жеңімпаз анықталған жоқ.

о
Фото: instagram.com/fcaktobe_official

Турнир кестесінде командалар алдыңғы орындарда келеді. Бас жүлдеге үміткер ұжымдар ретінде олардың өзара кездесуі жанкүйерлер тарапынан ерекше қызығушылық туғызады.

Жеңіске жеткен клубтың чемпиондық атаққа мүмкіндігі арта түсетін еді.

Кездесу барысында қос команда тарапынан толассыз шабуыл өрбіді.

«Ақтөбе» тарапынан Севальос Энрикес Хосе 14-минутта мергендік танытса, оған шымкенттік клубтан Шахбоз Умаров 73-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарқасты.

Енді алдағы турда «Ордабасы» 31 тамызда Қызылордада «Қайсармен» кездессе, сол күні «Ақтөбе» өз алаңында «Елімайды» қабылдайды. 

Аталған турдың алғашқы ойын күні, 24 тамызда «Атырау» Қарағандының «Шахтерін» 1:0, Семейдің «Елімайы» Петропавлдың «Қызылжарын» 2:1 есебімен жеңсе, «Қайсар» (Қызылорда) мен «Жетісу» (Талдықорған) 0:0 есебімен тең тарқасты.
 
Сондай-ақ бүгін, 25 тамызда «Қайрат» пен «Тобыл» 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Соңғы жаңалықтар