«Ордабасының» еурокубок ойындарынан шеттетілуі: Клуб түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шымкенттің «Ордабасы» клубының басшылығы команданың еурокубок ойындарынан шеттетілуіне байланысты ақпаратқа ресми жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ордабасы» футбол клубы 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі барлық кредиторлық қарыздарымен есептесті. Енді УЕФА талаптарына сәйкес сертификатқа үміткер ретінде лицензия процесін өтуде. Осыған байланысты «Ордабасы» футбол клубының курокубоктаан шығарылу қаупі жоқ», - делінген таратылған ақпаратта .

Естеріңізге сала кетелік, бүгін қаржылық себептерге байланысты «Ордабасы» командасының алдағы екі жылда еурокубок ойындарынан шеттетілгені хабарланған еді.

«Ордабасы» клубы еурокубок ойындарына 2012 жылдан бері бес мәрте қатысқан. 2018 жылы қаржылық себептерге байланысты команда еурокубок ойындарынан шет қалып қойды. Олардың орнына еурокубокта Қостанайдың «Тобылы» ел намысын қорғады.

Естеріңізге сала кетелік, алдағы жылы Қазақстан атынан еурокубокта төрт команда бақ сынайды. Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасында сынға түссе, Алматының «Қайрат», Қызылорданың «Қайсар», Шымкенттің «Ордабасы» клубтары Еуропа лигасына қатысуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар