«Өрмекші-адам» Барселонодағы көк тіреген үйге шыққаны түсірілген видеосын бөлісті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық жартасқа өрмелеуші Ален Робер 20 минуттың ішінде Meliá Barcelona Sky қонақ үйі ғимаратының төбесіне шықты.  Зәулім үйдің биіктігі 117 метрді құрайды.

«Өрмекші-адам» Барселонодағы көк тіреген үйге шыққаны түсірілген видеосын бөлісті

Экстремал  шлеміне орнатылған камера арқылы түсірілген видеожазбаны өзінің YouTube -арнасына жариялады.

Роликте көрсетілген датадан ер адамның көк тіреген ғимаратқа 2016 жылғы тамызда шыққаны көрсетілген. Бірақ клипті енді ғана жариялаған. Видео  Роберге полиция қызметкері келіп құжат көрсетуді сұрап жатқан шақта аяқталады.

La Vanguardia басылымының хабарлауынша, мұндай құқықбұзушылық үшін Роберге 100-ден 600 еуро аралығында айыппұл төлетуі мүмкін. Бірақ оны ешқандай жазасыз босатты.

Айта кетсек, Робер 100-ден аса биік ғимаратқа шыққан. Олардың ішінде Дубайдағы 828 метрлік «Бурдж-Халифа», Париждегі «Ла Дефанс» тұрғын үй орамындағы 187-метрлік Total мұнарасы бар.