Орта Азиядағы ең ірі сүт фермасы СҚО-да салынып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысының сүт-тауар фермаларын салу тәжірибесі тұтас республикаға таралып жатыр. Өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің айтуынша, қазіргі уақытта 19 сүт кешенінің 11-і аяқталып, іске қосылды.

сүт фермасы
Фото: СҚО әкімдігі

- Жаңа сүт фермаларының барлығы өнеркәсіптік сипатқа ие, олардың сыйымдылығы 400-ден 1 500 малға дейін жетеді. Фермалар толық қуаттылыққа шыққанда қосымша 70 мың тонна сүт өндіріліп, 500 жұмыс орны ашылады, - деді Ғ.Нұрмұхамбетов Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

- Зенченко және К» серіктестігі жылына 13 мың тонна майлы дақылдарды өңдеу цехын салып жатыр және жұмыс істеп тұрған сүт зауытын кеңейтуде. Бұл өңдеу қуатын 1,5 есеге арттырып, жылына 54 мың тонна сүтке дейін жеткізеді. Оған қоса, серіктестік 8 мың малға арналған сүт фермасы құрылысын бастады. Бұл кешен елімізде ғана емес, Орталық Азиядағы ең ірі кешен болмақ, - деді СҚО әкімі.

Сонымен бірге, «Евразиан милк» ЖШС қоюландырылған сүт цехтың салып жатыр, бұл өндіріс қуатын жылына 92 мың тонна шикізатты өңдей алады.

- Аталған жобаларды іске асыру майлы дақылдарды өңдеу үлесін арттыруға, сондай-ақ дайын сүт өнімдерінің өндірісін жылына 370 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді, - деді Ғ.Нұрмұхамбетов.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі көктемгі су тасқыны салдары қалай қалпына келтірілгенін айтып берген еді.

Сондай-ақ, СҚО-да соңғы 13 жылдағы ең мол егін жиналды.

Соңғы жаңалықтар