«Орталық Азия – Қытай» саммитінің Астана декларациясына қол қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – «Орталық Азия – Қытай» саммитінің Астана декларациясына қол қойылды. Бұл туралы ІІ саммит қорытындысына орай өткен брифингте «Орталық Азия – Қытай» форматы хатшылығының бас хатшысы Сунь Вэйдун мәлім етті.

- Алты мемлекеттің басшысы «Орталық Азия – Қытай» ІІ самитінің Астана декларациясына және Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан арасындағы мәңгі тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа бірге қол қойды. Сонымен қатар үш ынтымақтастық орталығы мен бір ынтымақтастық платформасының ашылу салтанатына қатысты, - деді Сунь Вэйдун.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммиті жұмысын бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында Орталық Азия мен Қытайдың тиімді ынтымақтастығы үшін барлық қажетті шарт бар екеніне тоқталды.