Өртенген автомобильден жолаушының құтқарылған сәті видеоға түсіп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық полицейлер жанып жатқан машина ішінде қалып қойған жолаушыны құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл оқыс оқиғаның видеосы  YouTube-те жарияланды.
None
None

 жағдай Атланта қаласында болған.

Автомобиль әзірге белгісіз себептермен бағанаға соғылып, өртенген.  

Жедел жеткен полицейлер есікті ашып, машина ішінен шыға алмай қалған жолаушылардың бірін ажалдан аман алып қалды. Ал бұдан сәл ғана бұрын тағы екеуінің сыртқа шығуына  сол маңда жүргендер көмектескен.

Зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді. Жалынды сөндіру кезінде полицейлердің бірінің киімі өртенген. Дегенмен ол ауыр жарақаттанған жоқ, деп нақтылайды Fox 5 Atlanta.

Соңғы жаңалықтар