17:16, 08 Қазан 2013 | GMT +5
Өрттен 4 жасар қыз мерт болды
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, 4 жасар қыз бала мерт болды. Бұл туралы 24 kz. хабарлайды.

Оқиға қазанның 7-сі күні түскі уақыттарда Кірпішті елдімекеніндегі үйлердің бірінің маңындағы шаруашылық сарайында болған. Сарайдағы киім-кешек мен тұрмыстық заттарды жалын шарпыған. Өрт сөндірушілер жеткенше тұрғындар отты өз күштерімен сөндірген. Алайда 5 шаршы метр аумақ мүлдем жанып кеткен. Мамандардың болжамы бойынша ата-анасының қарауынсыз қалған бала отпен ойнаса керек. Қазір арнайы қызмет орындары өрттің нақты себеп-салдарын анықтауда.