Орынбор аумағындағы Ресей мен Қазақстан шекарасында өткізу пункті ашылды

Бұл Орынбор облысындағы он екінші бекет.
«Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Үкіметтері арасындағы шекаралас аумақ тұрғындарының шекарадан өту тәртібі Келісіміне 2006 жылдың қазанында қол қойылған. Барлығы Орынбор облысында мемлекеттік шекарадан өтетін 22 орын ашылады», - деп хабарлады Ресей аймағы әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстандық тарап өкілдерімен бірге Орынбор облысы үкіметінің атынан символикалық лентаны Мәдениет және сыртқы байланыс министрі Виктор Шориков қиды.
«Бұл оқиғаның біздің Соль-Илецк, сондай-ақ, Ақтөбе облысы Қобда ауданының тұрғындары үшін де маңызы зор», - деді В.Шориков. Біздің мемлекеттер мен шекаралас облыс басшыларының бастамасының арқасында біз қазақстандықтар мен ресейліктер арасындағы мәдени және шаруашылық байланыстарды сақтай аламыз деп сенемін».
Ақтөбе облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұханов өз тарапынан екі елдің үкіметтері мен шекаралас облыстардың басшылығы азаматтар арасындағы тығыз байланысқа ұдайы ықпал етіп отырады деді.