Осы аптада өтетін спорттық жарыстар кестесі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Туризм және спорт министрлігі 28 шілде — 3 тамыз аралығында өтетін жарыстар кестесін жариялады.

спорт
Фото: qaz_olympics

28 шілде — 3 тамыз: Әйелдер (юниорлар, қыздар) және еркін күрестен (юниорлар, жасөспірімдер) әлем чемпионаты
Бозкілемде отандық 19 палуан белдеседі.
Өтетін орны: Афина қаласы, Грекия

29 шілде — 2 тамыз: Пара таеквондодан Азия чемпионаты
Жарысқа 6 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Кучинг қаласы, Малайзия

29 шілде: УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі
«Қайрат» — КуПС (Финляндия)
Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион

31 шілде: УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі
«Зимбру» (Молдова) — «Астана»
Өтетін орны: Кишинев қаласы, Молдова

31 шілде: УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі
«Спарта Прага» (Чехия) — «Ақтөбе»
Өтетін орны: Прага қаласы, Чехия

Бұдан бұрын баскетболдан «Астана» командасы Болашақ ойындары-2025 турниріне жолдама жеңіп алғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар