Өскемен, Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстанның 3 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».  

ауа сапасы
Фото: Gazeta.uz

— 2025 жылғы 13 маусымда Өскемен, түнде Астана, Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бұған дейін Павлодар, Өскемен қалаларында, түнде Астанада ауа сапасы нашарлайтыны хабарланған еді.

Соңғы жаңалықтар