Өскеменде 36 көпқабатты үй апатты жағдайда тұр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында 36 көпқабатты тұрғын үй апатты жағдайда тұр.

Апатты үйде де қалуға дайынбыз: Сарандағы РТИ тұрғындары көшуге қарсы
Фото: Kazinform

Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің мәліметінше, бүгінде Өскеменде 1825 көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың басым бөлігі панельді және кірпіштен салынған үйлер.

Тозығы жеткен деп танылған үйлердің саны - 10. Бұл үйлерге күрделі жөндеу жүргізілуі қажет.

Ал 36 үй апатты жағдайда деп танылған. Олар сүрілуі тиіс. Негізінен бұл 1938-1950 жылдары салынған үйлер.

- Апатты тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында Өскемен қаласының тұрғын үй қорын жаңғыртуға арналған 2024-2029 жылдарды қамтитын реновация бағдарламасы әзірленген. Бағдарлама 2024 жылғы 4 мамырда қала әкімінің қаулысымен бекітілген. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда, бағдарлама аясында апатты үйлердің меншік иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, - деді бөлім басшысы Айбек Салбанов.

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде сот отырысына қатысушылар дау тудырған көпқабатты ғимаратты аралағаны хабарланған.

 

Соңғы жаңалықтар