Өскеменде автобустар «Onay» жүйесіне көшеді
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында автобустарға келесі айдан бастап «Onay» жүйесі енгізіледі.

Наурыз айынан бастап қаладағы қоғамдық көліктерге «Onay» жүйесі енгізілмек. Оның басты артықшылығы - банктік қосымшалар арқылы онлайн ақша салуға болатын виртуалды карта арқылы жол ақысын төлеу.
- «Onay» жүйесі әрбір автобус пен трамвайдағы жолаушылар ағыны, қай санаттағы адамдар көбіне қандай бағыттарда жүреді деген сияқты қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Алда қала бойынша балаларға қоғамдық көліктерді тегін қылу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сондықтан осындай ақпараттарды жинастыруымыз керек, - деді қала әкімі Алмат Ақышов.
Айта кетейік, Өскеменде 2021 жылдан бері қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі жұмыс істеп келеді.
Еске салсақ, осыған дейін павлодарлық жолаушылардың қоғамдық көлікке шағымы көптігі хабарланған.