05:05, 15 Тамыз 2025 | GMT +5
Өскеменде бүгіннен бастап трамвай жүрмейді
ӨСКЕМЕН.KAZINFORM – Өскемен қаласында трамвай қозғалысы бірнеше күнге тоқтайды.

Қала бойынша трамвайлар 15-21 тамыз күндері аралығында мүлде жүрмейді. Бұл туралы «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-дан мәлім етті.
- Трамвай қозғалысының тоқтатылуы трамвай паркінің кіреберісі мен шығаберісіндегі рельстерді ауыстыру жұмыстарына байланысты болып отыр. Халықтан бұл уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бүгінде Өскеменде 23 трамвай бар. Рельсті көліктің 90 пайызы тозған.
Еске салсақ, осыған дейін Швецияда трамвай апаты салдарынан сегіз адам жарақат алғаны хабарланған.