Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында су мен кәріз қызметінің бағасы қымбаттады. «Өскемен Водоканал» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, биыл қосылған құн салығының өсуіне байланысты су және кәріз қызметтері де қымбаттады.

Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
Фото: Pixabay

— Былтыр пәтерінде есептегіш құралдары бар тұрғындар үшін су құны (ҚҚС-ты қоса есептегенде) бір текше метріне 98,62 теңге, ал кәріз қызметі үшін 113,28 теңге болды. Енді есептегіштері бар тұтынушылар үшін төлем мөлшері артты. Нақты айтқанда, су үшін — бір текше метріне 102,14 теңге, кәріз қызметі үшін — бір текше метріне 117,32 теңге, — делінген ақпаратта. 

Ал есептегіш құралдары жоқ тұрғындар бұрын бір адамға ай сайын су үшін 749,89 теңге, кәріз үшін 1 223,15 теңге төлеген.

— Енді есептегіштері жоқ азаматтар бір адамға ай сайын су үшін 776,67 теңге, кәріз қызметі үшін 1 266,84 теңге төлейді, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде жылу бағасы өзгергені жайлы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар