Өскемендегі көшелердің бірінде жылу құбырында ақау шықты

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы Джек Лондон көшесінде жылу құбырында ақау шықты.

жылу құбыры
Фото: Өскемен қаласы әкімдігі

5 ақпан таңғы уақытта қаладағы Джек Лондон көшесінде жылу құбырынан ақау шығып, 289 жер үйдің жылусыз қалу қаупі туындады. 

- Оқиға орнына жедел апаттық тобы барып, жөндеу жұмыстарын бастады. Жалпы сол жерде 5 техника, 2 бригада жұмыс істеуде, - деп хабарлады қала әкімдігінен. 

Қазіргі уақытта үйлерге жылу беру жүйесі қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. 

- Жылу жүйесіндегі қысым азайған жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда, - делінген мәліметте.

Еске салсақ, бұған дейін Өскемен қаласында ақпан айынан бастап жылу тарифі өзгеретіндігі жайлы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар