Отандасымыз Қытайда «Қазақстан» шоколадын таратып, спортшыларымызға қолдау сұрады
Отандасымыз Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындары барысында «Қазақстан» шоколадын таратып, спортшыларымызды қолдауға шақырып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видео Туризм және спорт министрлігінің Telegram-парақшасында жарияланды. Онда отандасымыз спорттық жарыстар өтіп жатқан нысанның қауіпсіздік қызметкерімен, көше бойын тазалап жүрген жұмысшымен, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілімен сотпен анықталған дегенжәне басқа да адамдармен жұдырық түйістіру арқылы сәлемдесу ишарасын жасап, кейін бәріне «Қазақстан» шоколадын тарту етеді.
Видео соңында шетелдіктер: «Алға, Қазақстан!», деп қазақ тілінде спортшыларымызға қолдау білдіреді.
Еске салайық, 23 қыркүйекте басталған Азия ойындарында спорттың 30 түрінен 524 отандасымыз (262 ер, 262 әйел) бақ сынап жатыр.
XIX жазғы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміз Туын бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая ұстап шықты.
Қазақстан қоржынында әзірге 9 медаль бар.