Отандастар қорының өкілі Қалыбек Қобландин Моңғолияның «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Отандастар қоры» КеАҚ жоба үйлестіруші, қоғам президентінің кеңесшісі Қалыбек Ибрагимұлы Қобландин Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухтың жарлығымен «Алтын жұлдыз» орденімен марапатталы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
Фото: turkystan.kz

Жоғары дәрежелі орденді Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Дорж Баярхуу табыстады.

«Марапат лайықты иесін тапты деп ойлаймын. Бұл орденнің дәрежесі өте жоғары»,- деген елші Қалыбек Ибрагимұлына 2013-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін абыроймен атқарып, екі ел арасындағы достық көпірдің нығаюына қосқан зор үлесі үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Дорж Баярхууға Моңғолия қазақтарының IV кіші Құрылтайы аясында өткен іс-шаралардың, мәдени және рухани кештердің жоғары деңгейде өтуіне қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, қазақтың салт-дәстүріне сай иығына шапан жапты.


Соңғы жаңалықтар