Отандық құрылыс материалдарының үлесі қаншалықты өсті

АСТАНА. KAZINFORM – Құрылыс саласы бойынша отандық өнімдердің үлесі қандай? Бұл сұраққа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жауап берді.

ремонтные работы тротуар  жөндеу жұмыстары құрылыс материалдары
Коллаж: Kazinform/ Freepik

- Қазақстандағы құрылыс материалдары өндірісі осы саланың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отыр және елдің құрылыс нарығының қажеттіліктерін өтеуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда кең ауқымды құрылыс материалдарын өндіруге қажет елеулі ресурс пен әлеует бар. Қазіргі кезде елімізде құрылыс материалдары өндірісінде отандық тауарлардың үлесі 70,2 пайызды құрады, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Отандық өндірушілер ішкі нарықты тауарлы бетон, темірбетон, құрғақ құрылыс қоспаларымен, портландцемент және газоблок тәрізді негізгі материалдармен толықтай қамтып отыр.

- Бүгінде жалпы өнеркәсіп өндірісінде құрылыс материалдары 2,78 пайызды, ал өңдеуші өнеркәсіпте 5,77 пайызды құрады, - деп жазылған ведомство ақпаратында.

құрылыс материалдары
Фото: ҚР Сада және интеграция министрлігі

Еске салсақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша отандық құрылыс материалдарының үлесі 67 пайызды құрады.

Бұған дейін шетелден жеткізілетін негізгі материалдардың арасында мәрмәр, травертин, алебастр, шлакты мақта, минералды әрі силикатты мақталар бар екенін жазған едік

Соңғы жаңалықтар