«Отбасы банк» дербес деректерді жаңарту тәртібін түсіндірді

АСТАНА. KAZINFORM — «Отбасы банк» Бірыңғай республикалық кезекте тұрған азаматтарға арналған дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруді рәсімдеудің нұсқаулығын жариялады.

Отбасы банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-ден 102,7 млрд теңге тартты
Фото: Отбасы банк

Елорда әкімдігінің мәліметінше, бұл қадам банкке сіздің деректеріңізді дұрыс есепке алуға мүмкіндік береді.

Ол үшін мына іс-әрекеттерді орындау керек:

• Браузерді (Google Chrome, Safari) ашып, orken.otbasybank.kz сайтына кіріңіз.
• «Кіру» түймесін басып, ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіңіз.
• Құпиясөзді енгізіп, кіруді растаңыз.
• Жүйеге кіргеннен кейін «Деректерді жинауға және өңдеуге келісім» терезесі пайда болады.
• Мәтінмен танысып, «ИӘ, мен өтінішпен таныстым» деген құсбелгісін қойып, «ЭЦҚ мен қол қою» түймесін басыңыз. 

Айта кетейік, бұған дейін «Отбасы банкі» «Келешек» бағдарламасы аясында 6 762 кішкентай қазақстандықтың есепшотына 1,6 млрд теңге аударылғанын хабарлады.

Сонымен қатар банк «Наурыз» бағдарламасы бойынша кредит беру үшін KASE-ден 102,7 млрд теңге тартқаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар