Отбасы банк тұрғын үймен қамту процесін қалай автоматтандырады
АСТАНА. KAZINFORM — Елімізде тұрғын үй кезегінде тұрғандар арасында баспана бөлу тетігі заңнамалық негізде өзгертілді. Ондағы мақсат — мемлекет есебінен салынған жалға берілетін немесе кредиттік тұрғын үйді, сондай-ақ жеңілдетілген ипотекалық несиені расымен де мұқтаж адамдарға беру.

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда көзделген. Құжатқа Президент қол қойды.
Оған сәйкес, Отбасы банк ұлттық даму институты мәртебесін алған соң тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезекке қою және тұрғын үйді бөлу бойынша орталықтандырылған жүйені іске қосуды жоспарлап отыр.
Тұрғын үй саясатын реформалау
— Бірыңғай республикалық электрондық базаны жүргізу және өзектендіру;
— «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын қалыптастыру, жүргізу және өзектендіру;
— Коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдары жалға алған тұрғын үйді беру туралы шешім қабылдау;
— Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
— Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеңілдетілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру.
Отбасы банк: Тұрғын үйге мұқтаж жандарды есепке қою
— соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйі жоқ жандар;
— егер жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылса;
— есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;
— есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса.
Есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдiмекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса.
Айта кетсек, Отбасы банк есепке қою кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін алуға міндетті.
Тұрғын үй кезегі
Бүгінде 650 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр, түгендеу жұмысын әкімдіктер жүргізуі тиіс. Осы орайда, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметі бойынша, «Е-кезекте» жүйесімен тексеру арқылы 394 мың сәйкессіздік анықталды. Анықталған сәйкессіздіктер әкімдіктерге шешім қабылдау үшін ұсынылды. Дегенмен әкімдіктердің тұрғын үй кезегіне қою қарқыны есептен алу қарқынынан асып түскен, биыл 56 223 азамат баспана кезегіне тұрды.
Енді тұрғын үйді бөлу тетігі түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Отбасы банк ұлттық даму институты бола отырып, кезекте тұрғандардың қазіргі, қалыптасқан бірыңғай республикалық базасын жүргізетін және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» жаңа электрондық базасы арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтардан өтінімдер қабылдайтын болады. Өтініштер Отбасы банкіне Баспана маркет (otbasybank.kz) платформасы арқылы онлайн режимінде жолданады.
Кезекке қою туралы өтініштерді Отбасы банк заңнамада көрсетілгендей, алты айлық өтпелі кезең аяқталғаннан кейін, 2025 жылы қабылдай бастайды. Осы уақытқа дейін әкімдіктер кезекте тұрғандардың есебін жүргізуді және бірыңғай республикалық базаны қалыптастыруды жалғастыра береді.
Бүгінде Отбасы банктің қызметі 8 мемлекеттік органдардың деректер базасымен интеграцияланған, болашақта олардың саны ұлғаяды.
1) есепке қоюға өтінім қабылдау;
2) мемлекеттік деректер базасының сервистерімен интеграциялық өзара іс-қимыл жасау арқылы азаматтар деректерінің өзектілігін тексеру;
3) жүйедегі деректер нәтижесін өңдеу, есепке қою, тұрғын үй беру болмаса есептен шығару туралы оң немесе теріс шешім қабылдау;
4) тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға түпкілікті жауап, SMS хабарлама түрінде жеке кабинетіне жіберіледі.
Бұл дегеніміз, қазақстандықтардың жылжымайтын мүлкі бар-жоғы автоматты түрде тексеріледі, сол арқылы азаматтардың отбасылық жағдайы анықталып, тұрғын үйге мұқтаж жандардың мәртебесі мен санаты расталады. Ал жүйені автоматтандыру аталған процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және адами факторды жояды.
«Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының» жұмысы «бір терезе» қағидатымен жұмыс істейді. Бұл дегеніміз «тұрғын үйге мұқтаж» мәртебесін растау үшін қазақстандықтар бұрынғыдай бірнеше инстанцияға жүгініп, кезекке тұрып, содан кейін қолжетімді заем алу үшін банкке барып, әуре-сарсаңға түспейді. Сондай-ақ, мұқтаж жандар арасында тұрғын үйді бөлу есепке қою күніне және табыс деңгейіне байланысты жүзеге асырылады», — дейді Отбасы банкінің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.
Басқарма төрағасының айтуынша, жаңа заң аясында жергілікті әкімдіктер жеңілдетілген әлеуметтік тұрғын үй салуды жалғастыра береді, ал Отбасы банк жаңа тұрғын үйлерді кезекте тұрған азаматтар арасында бөліп, реттеп отырады.
Осылайша Отбасы банк ұлттық даму институты бола отырып, Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің реттеуімен, екінші деңгейлі банктер, сондай-ақ Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүйесінде бұрынғыдай жұмыс істейді.
Айта кетсек, бүгінде Отбасы банкінің 4 жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы жұмыс істеп тұр.
Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде «2-10-20» (бұрынғы — «Бақытты отбасы») бағдарламасы бойынша биыл 37,6 млрд теңгеге 2 972 заем берілді. Келесі «5-10-20» (бұрынғы — «Шаңырақ») бағдарламасы бойынша 46,4 млрд. теңге сомасына 4 231 заем берілді.
«Отау» тұрғын үй бағдарламасы аясында 44,4 млрд теңге сомасына 2 058 заем берілді. Сондай-ақ, «Наурыз» бағдарламасы арқылы 117,1 млрд теңге сомасына 4 487 заем берілді.
Одан бөлек, Отбасы банкінің ауыл, аудан орталықтары мен моноқалалардың тұрғындарының баспана мәселесін жақсартуға арналған «Асыл мекен» бағдарламасы іске қосылған. Бұл бағытта банк 2 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді, жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеге 150 заем расталып, берілді.
«Отбасы банк» жас қазақстандықтарды қолдау үшін өңірлік тұрғын үй бағдарламаларын іске асырып келеді. Мақсат — дәрігерлерді, мұғалімдерді, спортшыларды, төтенше жағдайлар қызметкерлерін және басқа да мамандарды өңірде тұрақтап қалуын қолдау. Ресми деректерге сүйенсек, 7 жыл ішінде 35 жасқа дейінгі 7700-ден астам өңір тұрғындары қоныс тойын тойлаған.