Отбасындағы тирандардың құрбандары зорлық-зомбылық фактілерін жасырады - ҚР ІІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Отбасылық жанжалдың құрбандары көбіне полицияға арыз жазуға асықпайды. ҚР Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрестегі түйткілді мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әкімшілік кодексте отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында санкцияларға осы баптарды қамауға алуды енгізе отырып (тиісінше 15 және 10 тәулік) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-1-бөлігі) және ұрып-соғу (ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-1-бөлігі) фактілері бойынша құқық бұзушылықтардың дербес арнайы құрамы көзделген», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі ҚазАқпарат сұрауына жауап ретінде.
Бұл ретте, ұсынылған ақпаратқа сәйкес, осы баптардың санкцияларында айырмашылықтар бар, онда ӘҚБтК-нің 73-1 және 73-2-баптары бойынша іс-әрекеттер жасағаны үшін қамауға алынады немесе сот шешімімен айыппұл төлейді, бұл ретте тараптар жиі татуласпайды және жәбірленуші адамдар құқық бұзушыны жауапқа тартуға бел буады.
Отбасылық жанжалдарда жәбірленушілер арыздануға асықпайды, сонымен қатар зорлық-зомбылық фактісін жасырады, бұл полиция қызметкеріне ұстау және бұлтартпау шараларын қабылдауға құқық бермейді. Мұндай жағдайларда жәбірленушіге дағдарыс орталықтарына жүгіну ұсынылады, ал отбасылық жанжалмен профилактикалық әңгіме өткізіледі, жәбірленушінің пікірін ескерместен қорғаныс бұйрығын белгілеуге де жол берілмейді.
«Осыған байланысты учаскелік полиция инспекторларының тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жәбірленушінің пікірін есепке алмастан қорғау нұсқамаларын беру өкілеттіктерін кеңейту мәселесі пысықталуда. Сонымен бірге, ұрып-соғу жағдайында жәбірленушілердің арызы бойынша әкімшілік іс жүргізу жәбірленушінің мәртебесіне қарамастан, әкімшілік кодексте және өзге де құқықтық актілерде көзделген жалпы негізде жүзеге асырылады», - деп толықтырды ведомстводан.