Өткен жыл ішінде Ақтөбе облысында шамамен жарты тонна есірткі тәркіленді

АҚТӨБЕ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында өткен жыл ішінде  шамамен жарты тонна есірткілік заттар тәркіленді, деп хабарлайды облыс ІІД-нің баспасөз қызметі.
None
None

12 ай ішінде полиция қызметкерлері барлығы 89 есірткі қылмыстарын анықтады, олардың 55 дерегі - есірткіні сату, 3-еуі - есірткілік заттарды өсіру бойынша болды, 2 рет есірткі контрабандасын жасаған 2 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.

Мысалы, өткен жылдың шілде айында, жедел ақпарат бойынша Алға қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінің бақшасында полиция қызметкерлері 33 жастағы тұрғыннан 130 түп қарасораны тауып, жойды. Аталған дерек бойынша күдікті азамат ҚР ҚК-нің 262 бабына («Өңдеуге тыйым салынған өсімдіктерді өсіру») сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Осындай деректер облыстың Хромтау және Мұғалжар аудандарында да тіркелген.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері есірткі бизнесіне қарсы алдын-алу жұмыстарын өткізді.

Соңғы жаңалықтар