Өткен жылы Қазақстанның жол полицейлері жол ережесін бұзудың 2 млн.-ға жуық оқиғасының алдын алды

деп хабарлады Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
«Бұл кеңес республиканың жол полициясының 2013 жылдағы жұмысының басымдықты бағыттарын айқындауы тиіс. Алдағы жұмыста Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында белгілегендей, болмашы құқық бұзушылықтардың өзіне қатаң жазаны қарастыратын тәртіпсіздіктерге «нөл» төзімділікпен қарау принципін ұстану керек», - деп атап өтті ҚР ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы, полиция полковнигі Берік Бисенқұлов.
Қолға алынып отырған шараларға қарамастан, Қазақстан жолдарындағы апаттылық жоғары болып қалуда, деп белгілеп өтті кеңес қатысушылары. Ведомствоның ақпаратынша, 2012 жылы республикада 14 168 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл алдағы жылмен салыстырғанда 17,9 пайызға көп.
«Республика жолдарындағы әрбір төртінші жол апаты жүргізушілердің жылдамдық режімін сақтамауынан болады. Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің әрбір үшіншісі қаза тауып, әрбір бесіншісі жарақат алады. Жол апаттарының басты себебі - жүргізушілердің төмен тәртібі. 2012 жылдың ішінде жол көлік қозғалысы ережелерінің 1 935 597 бұзушылығы анықталып, алды алынды», - деп атап өтілді кеңесте.
Кеңес қатысушылары Қарағандыдағы мамандандырылған ХҚКО-да болды.
Республикалық жедел кеңеске елдің 16 аймағының жол полициясы басқармаларының бастықтары, тіркеу-емтихан қабылдау жұмысы бөлімінің бастықтары және автоматтандырылған ақпараттық-іздестіру жүйелері бөлімдерінің бастықтары қатысты.