Ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 200 сағатқа қоғамдық жұмыспен жазаланды

АҚТӨБЕ. 3 сәуір. ҚазАқпарат - 34 жастағы ақтөбелік ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 200 сағатқа қоғамдық жұмыспен жазаланды.
None
None

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарланғандай, жауап беруші ақпан айында Ақтөбе қаласында дүкен ашамын деген желеумен ғимаратты жалға алып, орнына ойын салонын ашқан. Ол салонда 14 ойын аппараты мен 8 адамға есептелген 1 электронды рулетка құрылғысын орнатқан.

Заңсыз ойын салонының қызметі 11 ақпанға қараған түні тоқтатылды, полиция қызметкерлері барлық ойын аппаратын, электронды рулетканы және 54 910 теңге сомасында ақша қаражатын тәркіледі.

Сот азаматты ҚР ҚК-нің 269-1 бабының, 1-бөлімімен кінәлі деп танып, оған 200 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту үкімі шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар